Ссылки доступа

Өзбек блогері Мәскеудегі консулдықта соққыға жығылды


Блогер Джурабек Омонов.

Өзбекстаннның Мәскеудегі елшілігі 19 тамызда консулдық ғимаратында блогер Журабек Омоновты сабаған қызметкерлерді қорғап шықты.

Блогер Youtube парақшасына қан болған бет-аузын және сынған мұрнын көрсетіп видео жариялаған.

Журабек Омонов анасы іздеуде жүрген екі жасар қыздың тағдырын талқылау үшін елшілікке барғанын, онда сыни мәлімдеме жасағаны үшін дипломатия қызметкерлері өзін сабап тастағанын айтады.

– Мен елшілік қызметкерлеріне "сен" деп сөйлемей, мәдениетті түрде сөйлеуді талап еттім. Олар маған "Сен кімсің? Не үшін бұл жерде талап қойып жатсың?" деп жауап берді. Сосын олар мені бақылау бекетіне алып барып, сабап тастады, - дейді блогер Журабек Омонов.

Ол консулдықта алған жарақатын емдету үшін Мәскеудегі ауруханалардың біріне барған.

Өзбекстан елшілігі таратқан мәлімдемеде Журабек Омоновтың өзі кінәлі екені, консулдық ғимаратына заңсың кіруге әрекет жасағаны айтылған.

Журабек Омонов көп жылдан бері Ресейде тұрады. Бірнеше жыл бұрын еңбек мигранттарына көмек көрсету үшін "Суянч" ("Сүйеніш") ұйымын құрған. Оның әлеуметтік желілерде 100 мыңға жуық оқырманы бар.

XS
SM
MD
LG