Оның сөзінше, операциялардың аталған мерзімге қарай бітер-бітпесі тәліптермен өзара қарым-қатынасына байланысты болады.
"АҚШ-тың қорғаныс министрлігі мен мемлекеттік департаментіне қайрылып, америкалық әскерлердің Ауғанстаннан кетуіне байланысты тосын жағдайлар үшін жоспар құруды сұрадым. Біз әлі қаншалықты көп болсақ, теракті қаупі де соншалықты жоғары болады", - деді Байден.
24 тамызда Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон "Үлкен жеткілік" ұйымының онлайн жиналысында сөз сөйлеп, Ауғанстаннан барлық америкалық әскерлерді шығару мерзімі ұзартылмай, сол 31 тамызда қалуы мүмкін екенін айтқан.
Снимки Кабула со спутника: поток людей к аэропорту не ослабевает
Осыған дейін бірқатар ақпарат агенттіктері өз бұлақтарына сүйеніп, Байден Пентагонның ұсынысымен америкалық әскерлерді Ауғанстаннан шығару мерзімін ұзартпай отырғанын жазған. Ақпаратқа қарағанда, АҚШ-тың қорғаныс министрлігі бұл датадан кейін Кабул әуежайындағы әскери қызметкерлердің қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайтынын айтқан.