Ссылки доступа

Өзбек президенті ағаштардың оталуын сынап, экоком басшысын қызметтен алды


24 тамыздағы жиналыста Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Экология және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы Әлішер Максудовты қызметтен алды.

Өзбекстан басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, елдегі экология мәселелері талқыланған жиналыста президент экология комитеті төрағасының жұмысын сынады.

Мирзияевтің айтуынша, бұл комитет қалада жасыл желектің азаюы, ауаның ластануы және ағаш отау секілді экология мәселелерімен айналыспаған.

"Экология және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы Әлішер Максудов жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмағаны үшін қызметтен босатылды", - делінген президент баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мирзияевтің мәлімдеуінше, республикада жасыл желек 3-4 есе қысқарған, ал өнеркәсіп кәсіпрындары екі есе өскен.

Әлішер Максудов экология комитетінің төрағасы қызметіне былтыр қарашада тағайындалған.

XS
SM
MD
LG