Үкіметтің хабарлауынша, Бакашова ішкі істер министрлігіне тексеру жүргізуді, ал денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне бір апта ішінде заң бұзу оқиғалары туралы есеп дайындауды тапсырды. Сонымен бірге Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметі де тексеру жүргізеді.
Қырғыз журналистері Мээрим Сырдыбаева мен Әли Токтакуновтың журналистік зерттеуінде жалған ПЦР-тест сатушылар туралы айтылған. Атап айтқанда, материалда Қазақстанмен шекарадағы "Ак-Жол" бекетінде ПЦР-тест 1700-3000 сомға ($20-$35) сатылғаны баяндалды.
Жекеменшік зертханаларда істейтіндер жалған құжат сатылғанын растаған. "Бонецкий" зертханасының директоры Эсен Шеримбаев күніне жалған 200 тест жасалып, 60-100 доллардан сатылғанын айтқан.
Қырғызстанның Талас облысындағы "Чон-Капка" шекара бекетінде де мұндай жалған құжат 2 мың сомнан ($23) сатылған. Aqua Lab зертханасының жетекшісі Ирина Цопова жалған құжаттар жасалғанын растап, Таластағы филилалдың оған қатысы бар қызметкерлері жұмыстан шығарылғанын айтқан. Заң бұзғандарға қатысты материалдар құқық қорғау органдарына жолданған.