Ссылки доступа

Сот қырғыздың экс-премьері Темір Сариевті қамауда қалдырды


Темир Сариев
Темир Сариев

Сот Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Темір Сариевті қамауда ұстау туралы шешімді күшінде қалдырды. Бұрынғы шенеунік "Құмтөр" ісі бойынша ұсталған.

Бішкек қалалық сотының шешімі 25 тамызда шықты. Сариевті қорғаушылар бұрынғы шенеунікті үйқамақта ұстауын сұраған. Сариевтің ондаған жақтастары сот ғимараты алдына жиналып, экс-премьерді босатуды талап еткен.

Еске салайық, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Темір Сариевті "экономика министрі болғанда "Құмтөр" кенінің экологияға тигізген залалын кішірейтіп көрсеткен" деп айыптады.

Бірақ бұрынғы премьердің адвокаты "Сариевтің экология шығынын анықтауға құзыреті болмаған" деп отыр.

Құмтөр - Қырғызстандағы ең ірі алтын кені.

XS
SM
MD
LG