Ссылки доступа

Ресей Орталық Азия елдерінің азаматтарын да Кабулден эвакуациялайды


Эвакуация иностранцев и афганцев в аэропорту Кабула
Эвакуация иностранцев и афганцев в аэропорту Кабула

Ресейдің қорғаныс министрлігі Ресей мен Украинаның, сонымен бірге Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымына кіретін елдердің азаматтарын Ауғанстаннан эвакуациялауды ұйымдастырғанын хабарлады.

Сол үшін төрт әскер-жүк ұшағы бөлінген. 500-ден астам азамат эвакуацияланады, деп хабарлады Ресейдің қорғаныс министрлігі.

Министрлік мәліметінде эвакуация нақты қай күні жүзеге асатыны айтылмаған. Азаматтарды эвакуациялауды Ресей президенті Владимир Путин тапсырған.

Ауғанстанның барлық дерлік аумағы "Талибан" қозғалысының бақылауына өтті. Әлемнің бірнеше елі өз азаматтары мен олармен қызметтес болған ауған азаматтарын Кабул әуежайы арқылы эвакуациялап жатыр. АҚШ пен оның одақтастары ондаған мың адамды ауған астанасынан алып кетті.

Тағы қанша адам эвакуацияланатыны туралы нақты дерек жоқ. Тәліптер эвакуациялаушы рейстерге кедергі жасамады, алайда шетел әскері Кабул әуежайын 31 тамыздан қалдырмай босатуы керек деп бірнеше мәрте мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG