Ссылки доступа

Қырғызстанда жаңа оқу жылы дәстүрлі түрде басталады


Бішкектегі мектептердің біріндегі 1-сынып оқушылары, 1 қыркүйек, 2020 жыл.
Бішкектегі мектептердің біріндегі 1-сынып оқушылары, 1 қыркүйек, 2020 жыл.

Қырғызстандағы барлық білім беру мекемелері 15 қыркүйектен офлайн режимде істей бастайды. Мұндай шешім үкіметтің 25 тамыздағы отырысында қабылданды.

Жиналыста елдің білім және ғылым министрі Болотбек Купешев 2021-2022 жаңа оқу жылында мектептер барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтап жұмыс істейтінін білдірді. Оның сөзінше, оқу басталғанға дейін білім беру мекемелері қызметкерлерінің 70 пайызы вакцина алады. Қазір мұғалімдердің 55,8 пайызы COVID-19-қа қарсы вакцина салдырған.

Коронавирус пандемиясына байланысты былтыр оқу жылы онлайн режимде басталған.

Сарапшылар онлайн оқу балалар біліміне теріс әсерін тигізетінін айтып жатыр. Қырғызстанда 2310 мектеп бар.

XS
SM
MD
LG