Ссылки доступа

Токио-2020: Өзбекстан Паралимпиада ойындарында алғашқы медалін алды


Ислам Асланов қола жүлдеге ие болды
Ислам Асланов қола жүлдеге ие болды

Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында өзбекстандық жүзу шебері Ислам Асланов 100 метрлік аралықта жарысқа қатысып, қола медаль иеленді.

25 тамызда Өзбекстанның Ұлттық паралимпиада комитеті өзбек құрама командасының Паралимпиада ойындарындағы алғашқы медалі екенін мәлімдеді.

Токиодағы Паралимпиада ойындарында Өзбекстаннан 48 спортшы спорттың 8 түрі бойынша қатысып жатыр.

2021 жылдың 24 тамызынан бастап 5 қыркүйеккке дейін XVI Паралимпиада ойындары Токиода өтіп жатыр. Оған 162 өлкеден 4400 спортшы қатысып жатыр. Арасында босқындар құрама командалары да бар.

XS
SM
MD
LG