Ссылки доступа

Қырғызстанда ірі қалалардың басшылары сайланды


Бішкек, Ош және Токмак қалаларының жаңа басшылары сайланды. Айбек Жунушалиев Бішкек қаласының, ал Алмаз Мамбетов Ош қаласының басшысы болды. Токмак қаласын депутат Урматбек Самаев басқарады.

Бішкек қаласы басшысын сайлауда қалалық кенештің 45 депутатының 43-і Айбек Жунушалиевке дауыс берген. Ош қаласының басшысы қызметіне Алмаз Мамбетов сайланды. Сайлауда екеуінің де қарсыласы болмаған.

2017 жылы Интернетте Мамбетовтің Балыкчи қаласының бұрынғы басшысы Сатыбек Шамшудиновпен дауласқан видео жарияланған. Әлеуметтік желі қолданушылары Мамбетовтің ерсі қылығын сынаған. Одан соң Интернетте Алмаз Мамбетовке ұқсайтын бір азаматтың жол ережесін бұзғаны бейнеленген видео жарияланды. Артынша Мамбетов жол ережесін бұзбағанын мәлімдеген.

Токмакта қала басшысы қызметіне екі адам таласты. Жогорку Кенеш депутаты Урматбек Самаев оппозициялық саясаткер Азат Кубатбек уулумен бәсекелесті. Сайлау нәтижесінде қаланың жаңа басшысы қызметіне 35 жастағы Урматбек Самаев кірісті.

XS
SM
MD
LG