Ссылки доступа

АҚШ пен одақтастары террор қаупіне байланысты өз азаматтарын Кабул әуежайы төңірегінен кетуге шақырды


АҚШ пен оның Ауғанстандағы одақтастары өз азаматтарын террор қаупіне байланысты Кабул әуежайының төңірегенін кетіп қалуға шақырды. Бұл жөнінде Reuters жаңалықтар агенттігі хабарлады.

25 тамызда кешке жариялаған үндеуде Ауғанстандағы АҚШ елшілігі террор қаупіне байланысты өз елінің азаматтарын Кабул әуежайына барудан тартына тұруға, қауіпсіз жерлерге жасырынуға шақырды.

Британия, Австралия өкілдіктері де осыған ұқсас үндеу жасап, әрі қарай қалай әрекет ететіндері жайлы тағы да хабарлайтынын айтты.

"Талибан" қозғалысы шабуылын күрт күшейткелі АҚШ пен Батыс елдері өз азаматтарын және олармен ынтымақта жұмыс істеген ауған азаматтарын Ауғанстаннан эвакуациялап жатыр. 31 тамызға дейін қайткенде Ауғастаннан ұшып кеткісі келетін мыңдаған адам Кабул әуежайы мен оның төңірегіне шоғырланды. 31 тамыз - эвакуацияның соңғы күні, одан кейін эвакуация мерзімінің ұзару-ұзармауы белгісіз.

XS
SM
MD
LG