Ссылки доступа

Тәжікстан президенті қазанда Францияға сапарлайды


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон биыл қазан айының басында Францияға барады. Елисей сарайының хабарлауынша, президент Эмманюэль Макрон тәжік әріптесімен телефон сөйлескен уақытта оны Францияға шақырған.

"Республика президенті Эмомали Рахмонды 13 қазанда қабылдайды", - делінген ресми хабарламада.

Рахмон мен Макрон телефонмен әңгіме кезінде Ауғанстандағы әскери-саяси жағдайды талқылаған. Тәжік президенті Ауғанстандағы жағдай Орталық Азия аймағының қауіпсіздігіне әсер ететінін айтқан. "Мемлекет басшысы Ауғанстанның гуманитарлық апат жағдайында екенін атап өткен", деп хабарлады Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі.

"Талибан" қозғалысының содырлары 15 тамызда Кабулға ұрыссыз кіріп, бірнеше сағатта астанаға бақылау орнатты. Ауғанстан президенті Ашраф Гани елден қашты. "Талибан" Ауғанстанды басқаратын кеңес құрылатынын, оған 12 адам кіретінін мәлімдеген.

Рахмон мен Макрон 2019 жылы қарашада Тәжікстан басшысының Францияға сапары кезінде кездескен. Жүздесуде бес жаңа құжат қабылданған.

XS
SM
MD
LG