Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада жарылыс болды. Қойма әлі өртеніп жатыр. Қазақстанның қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 26 тамыз күні кешкі 19:00 шамасында оқ-дәрі қоймасы маңында алдымен өрт тұтанып, соңынан жарылыс болған. Соңғы мәлімет бойынша жараланғандар саны 60-тан асты.