Қазақстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тоқаев Шарль Мишельге "Қазақстанның ауған мәселесіне қатысты ұстанымын" айтқан. Мәселен, Қазақстан президенті БҰҰ-ның Ауғанстандағы кеңсесін Алматыға уақытша көшіруге рұқсат бергенін хабарлады. Тоқаевтың айтуынша, Қазақстандағы ауған студенттеріне көмек беріліп жатыр.
"Мемлекет басшысы ауған мәселесіне қатысты, соның ішінде Ауғанстанда да Қазақстан мен Еуропалық Кеңес тығыз қарым-қатынас орната алады деп есептейді. Қазақстан Еуропалық Одақ елдерінің азаматтарын эвакуациялаған ұшақтарға өз әуежайларында жанар-жағар май құюға мүмкіндік жасағаны туралы айтылды" делінген хабарламада.
Жүздеген ауған көршілес Тәжікстан мен Өзбекстанға қашуға мәжбүр болды. Тәліптердің Ауғанстандағы билікті басып алуы мен босқындардың көбеюі аймақ елдерін алаңдатып отыр.