Ссылки доступа

Қырғызстанда екі зауыт іске қосылып, 2000 жұмыс орны ашылмақ


Баткен облысындағы екі ірі зауытқа салынған инвестиция 2000 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Қырғызстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ел басшысы Садыр Жапаров 28 тамызда аталған өңірге іс сапармен барған. Онда алтын өңдейтін "Дуваташ" компаниясымен келісімге келгені хабарланған.

Компания басшылығы екі комбинаттың жұмысын қатар жүргізіп, әлемдік нарыққа тауар өндіруге келісімін берген. Сонымен бірге сол өңірге мектеп, стадион салмақ.

Қазір екі зауытқа тиісті мамандықтар бойынша жұмысшылар тартылып жатыр.

Кадамжай сүрме комбинаты СССР тұсында әлем бойынша алдыңғы қатардағы өндіріс орны болған. 1967 жылы бұл зауыттан өндірілген сүрме Лондон биржасында ең үздік деп танылған.

XS
SM
MD
LG