Ссылки доступа

1 қыркүйектен бастап тәжікстандықтар үшін Ресейге кіру тәртібі өзгереді


1 қыркүйектен бастап Тәжікстан азаматтары Ресейге "Ковидсіз саяхат жаса" қосымшасы арқылы QR-кодпен коронавирусқа ПТР тестінің нәтижесін көрсетіп кіреді. Осыған дейін тестің анықтамасын қағаз жүзінде көрсетсе, жеткілікті болған.

Тәжікстан маусым айында "Ковидсіз саяхат жаса" сандық платформасына қосылған. Қазір бұл платформаға Душанбенің екі мемлекеттік зертханасы қосылған.

"Гемотест" зертханасының қызметкері Елена Козлова Ресейге баратындар үшін мынадай кеңес береді:

- "Ковидсіз саяхат жаса" қосымшасын жүктеу керек. Шетел төлқұжатымен зертханаға келіп, анкета толтырып, тест тапсыру керек. Тест нәтижесі келесі күні дайын болады. Зертхана ақпаратты ұлттық жүйеге енгізеді, QR-код арқылы нәтижесі көрсетіледі.

"Гемотест" зертханасында ПТР тестің бағасы 135 сомони (12 доллар) тұрады.

XS
SM
MD
LG