Ссылки доступа

Түркіменстанда халықты мақта теруге мәжбүрлеп жатыр


Кадр из репортажа государственного телевидения Туркменистана
Кадр из репортажа государственного телевидения Туркменистана

Түркіменстанда мақта теру науқаны басталды. Билік халықты мақта теруге мәжбүрлеп жатыр.

Мақта алқаптарында бюджет қызметкерлері, оқушылар және сарбаздар еңбек етіп жүр. Лебап уәлаятындағы тілшінің хабарлауынша, Түркіменабад қаласындағы арнайы білім беру мекемесінің оқушылары мақта теруге жіберілген. Койтендаг этрапындағы Акгумалан, Гараховуз және Чанаклы диқан бірлестіктерінде мақта терушілер алқапта түнейді.

"Бұл бірлестіктерде терушілер мақтаның әр келісіне 20 теңге (тиын) алады", дейді жергілікті бір тұрғын.

Марыдағы тілшінің хабарлауынша, бұл уәлаятта бюджет қызметкерлері өзінің орнынан мақта алқабына басқа бір адамды жіберуі міндетті.

"Жалдамалы жұмысшылардың бір күндік еңбегіне 20-30 манаттан төленеді. Бюджет қызметкерлерінің айлығы банк картасына түсетіндігіне қарамастан, олар жалдамалы жұмысшыға берілетін ақшаны мекеме басшысына жинап беруі тиіс. Бюджет қызметкерлері алқапта адам жалдап, өзі де жұмыста болуы керек", деді Мары облысындағы бір бюджет қызметкері.

Қазір мақта терушілер Қарақұм этрапындағы алқаптарда жұмыс істеп жүр. Әзірге олар алқап басында түнеп жүрген жоқ, бірақ қыркүйектен бастап мемлекеттік мекемелердің әрқайсысы 10-15 адамды алқапқа түнеуге жіберуі тиіс деген әңгіме тарады.

"Келесі айдың басында әрбір бюджет қызметкері айлығының 400 манататын мақта терушілерге беруі керек. Бұл - Түркіменстандағы орташа айлықтың үштен бірі", дейді бюджет қызметкері.

Еске салайық, АҚШ-тың шекара-кеден қызметі 2018 жылы Түркіменстан мақтасына, сонымен бірге түркімен мақтасынан дайындалған тауарлар импортына тыйым салды.

Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары Түркіменстанды мақта теру кезінде мәжбүрлі еңбекті пайдаланады деп айыптап отыр. 2021 жылғы тамызда әлемнің 138 бренді түркімен мақтасын пайдаланбау туралы халықаралық науқанға қосылды.

XS
SM
MD
LG