Оның айтуынша, жыршының бастамасын Мәскеудегі қырғыз диаспорасы мен Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі қолдаған.
Манасшы Доолот Сыдыков осы жолы да Гиннестің рекордтар кітабына енуді көздеп отыр.
2020 жылғы қарашада Доолот Сыдыков Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін "Манас" эпосын 14 сағат 27 минут оқыған. Сыдыков жырды Бішкектегі Ала-Тоо алаңына орнатылған шыны үйде отырып оқыды. Дегенмен сол жолы ол Гиннестің рекордтар кітабына тіркеле алмады.