Ссылки доступа

Түркіменстан ауған босқындарын қабылдаудан бас тартты


Ауғанстан босқындарының балалары

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов ауған босқындарын еліне кіргізбейтінін ресми мәлімдеді. Бұл туралы ол 29 тамызда Еуропа кеңесінің президенті Шарль Мишельмен телефон арқылы сөйлескенде айтты.

Түркіменстан мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлағандай, Бердымухамедов қазіргідей адам өмірі үшін қауіпті болып жатқан жағдайда коронавирус инфекциясының таралуы мүмкін екенін еске алу керек деген.

Түркімен президенті сөзінде Ауғанстан бойынша ұстанымын былайша жеткізген:

  • Түркіменстан Ауғанстандағы жағдайды саяси-дипломатиялық және бейбіт жолмен шешуді қолдайды;
  • Экономикалық жақтан Түркіменстан ірі инфраструктуралық жобаларды, оның ішінде ТАПИ газ құбырын құру, Ауғанстан арқылы Пәкістанға электр желілерін тарту, сонымен бірге Ауғанстан мен Түркіменстанды біріктіретін темір жол салуға байланысты істерді жалғастыру қажет;
  • Түркіменстан Ауғанстанда бейбітшілік орнату процесстеріне көмектесу үшін тұрақты түрде гуманитарлық жәрдем беріп тұра алады.

Бұдан бөлек Бердымухамедов Ауғанстанның Мазари-Шариф пен Гераттағы консулдықтары жұмысын жалғастырып жатыр деді.

Түркіменстан билігі қазірге дейін елде COVID-19 вирусы анықталмады деп мәлімдеп келеді.

XS
SM
MD
LG