Ссылки доступа

Тәжікстан президенті әлем қауымдастығын Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға шақырды


Ауғанстанда жағдай ауыр боп тұрған кезде, әлем державалары шетте қарап тұрмауы керек, болмаса өлкеде ұзаққа созылған азаматтық соғысқа ұласуы мүмкін. Бұл туралы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 30 тамызда Германияның сыртқы істер министрі Хайко Мааспен кездескен кезде айтты.

Тәжік президенті Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін өлкеде барлық этникалық топтардың қатысуымен инклюзивті үкімет құру қажеттігін жеткізген. Рахмон осыған дейін бұл пікірін Пәкістанның сыртқы істер министрі Шах Махмуд Курайшимен кездескен кезде де айтқан.

Оның сөзінше, Ауғанстанда инклюзивті үкімет БҰҰ-ның қарауында құрылуы керек.

Рахмон бұдан бөлек әлемнің дамыған елдерін Ауғанстандағы экономикалық және әлеуметтік жағдайды еске алып, өлке халқына барлық тараптан көмектесуге шақырды.

Хайко Маас енді әрі қарай Пәкістанға баратынын жеткізді.

Ол 30 тамызда Өзбекстанда іс сапармен болған.

XS
SM
MD
LG