Ссылки доступа

Ауғанстаннан Тәжікстанға қашқан әскери ұшқыштар Канададан баспана сұрады


Военные летчики бежали из Афганистана в Таджикистан на самолете Cessna 208. Иллюстративное фото
Военные летчики бежали из Афганистана в Таджикистан на самолете Cessna 208. Иллюстративное фото

Ауғанстан әскери әуе күштерінің Тәжікстанға қашқан ұрыс ұшағы экипажының командирі мен 12 ұшқышы Канададан баспана сұрады.

avweb.com жаңалықтар порталының хабарлауынша, "Талибан" қозғалысының содырлары Кабулды алардан алдын әскери ұшқыштар Cessna 208 ұшағына отырып, көршілес Тәжікстанға ұшып келген.

Ауғанстан әскери әуе күштерінің әскери қызметкерлері Канада елшілігіне арызданып, өздеріне және отбасыларына баспана сұрады. Америкалық CBC News телеарнасына сұқбат берген ұшқыштардың бірі тәліптердің кегінен сескененін мәлімдеген.

Тәжікстанға қашқан ауған ұшқыштарының дені АҚШ-та оқыған, алайда президент Джо Байден ауған жауынгерлері содырлармен күресуден бас тарты деп мәлімдеген соң, олар Канададан баспана сұраған жөн деп шешкен.

Әскери ұшқыштардың айтуынша, "Талибан" содырлары Кабулге кірерден бірер күн бұрын, Ауғанстан әскери әуе күштерінің қоймаларында содырлармен соғысатын не қару, не зымыран болмаған. Ұшақпен көршілес Тәжікстанға барудан басқа амал қалмады, дейді олар.

Ұшқыштар Тәжікстан билігі "Талибанмен" дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, оларды Ауғанстанға экстрадициялау ма деп алаңдайды.

Тәжікстанның оңтүстігіндегі Кулаб қаласының халықаралық әуежайында ұйымдастырылған қалашықта мыңға жуық ауған босқыны жатыр. Дереккөз мәліметіне қарағанда, екі апта ішінде Кабулден Кулябка екі мыңға жуық адам Кулябқа ұшақтармен жеткізілген, олардың дені басқа мемлекеттерге жөнелтілген. Тәжікстан Кабулдегі адамдарды эвакуациялайтын ұшақтарға Куляб әуежайын транзит ретінде пайдалануға берді.

XS
SM
MD
LG