Ссылки доступа

Қырғызстанда жүз шақты азаматтың телефоны тыңдалған. Белсенділер ІІМ мен прокуратура басшыларын қызметтен алуды талап етті


Биыл Қырғызстанда сот жүз жақты азаматтың телефонын тыңдауға рұқсат берген. Бұл туралы "Реформа" партиясының жетекшісі Клара Сооронкулова Facebook'тегі парақшасында жазды.

Ол сот қаулыларының суреттін жариялап, азаматтардың конституциялық құқықтары бұзылғаны жөнінде президентке шағымданды.

Сот шешімін шығаруға ішкі істер министрлігі тергеу қызметі басшысының қаулысы себеп болған. Ол соттан бірнеше азаматтың телефон әңгімелерін тыңдауға рұқсат сұраған. Олар 2020 жылғы 5 қазандағы оқиғаларға, соның ішінде "Ақ үйді" басып алуға қатысқан.

"Тізімде президент сайлауына түскен оппозициялық кандидаттардан бөлек, қазан оқиғасына тіпті қатысы жоқ бірнеше азамат бар. Мәселен, Нұрбек Токтакунов, Сания Токтогазиева, Таттыбубу Эргешбаева және басқалары. Олардың телефондары 2021 жылғы 6 қаңтарынан бастап тыңдалған. Тізімдегілердің дені белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп, мемлекет саясатын ашық сынап жүргендер", - деп жазды Сооронкулова.

Белсенділер қырғыз президентінен осы оқиғаға қатысты шара қолдануын - ішкі істер министрі Ұлан Ниязбековті қызметтен алып, ІІМ басшылары мен тергеушілер жауапқа тартуын, сонымен бірге судьяны қылмыстық жауапқа тартуын сұрады. Белсенділер бас прокурор Курманбек Зулушев әрекетсіздігі үшін қызметтен алынуы керек деп есептейді.

Үндеуге Клара Сооронкулова, адвокат Нұрбек Токтакунов, адам құқықтарын қорғаушылар Рита Карасартова мен Ондуруш Токтонасыров, заңгерлер Сания Токтогазиева мен Таттыбубу Эргешбаева қол қойған.

XS
SM
MD
LG