Ссылки доступа

Өзбекстан АҚШ-қа ауған ұшқыштарын тәліптерге ұстап береміз деп ескертті


Өзбекстан Құрама Штаттарына Ауғанстаннан екі апта бұрын қашқан әскери ұшқыштарды қайтарамыз деп ескертті. Бұл жөнінде The Wall Street Journal басылымы Вашингтондағы ресми тұлғаға сілтеме жасап хабарлады.

Басылым мәліметінше, Өзбекстан мұндай қадамға тәліптердің қысымынан кейін бармақшы.

Өзбекстан АҚШ-тан ауған ұшқыштарын мүмкін болса үшінші елге жіберуін сұрайды. Болмаса, ресми Ташкент тәліптермен қарым-қатынасты бұзбау үшін оларды еліне қайтарады.

14-15 тамызда 22 ауған ұшағы мен 24 әскери тікұшақ өзбек шекарасынан өтіп, Термез әуежайына қонған болатын. Бірақ сол кезде елдің бас прокуратурасы бұл мәліметті теріске шығарған.

"Талибан ұшқыштарды өздерінің қас жауы ретінде көреді. Өйткені солардың әуе соққысынан көбі зардап шеккен. Тәліптер ұшқыштардан бөлек, ұшақтар мен тікұшақтарды да қайтаруды сұрайды", - деп жазады The Wall Street Journal.

XS
SM
MD
LG