Ссылки доступа

Қырғызстанда жеті партия парламент сайлауына қатысатынын мәлімдеді


Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы 31 тамызда Жогорку Кеңешке сайлауға қатысу үшін төрт партиядан өтініш түскенін мәлімдеді.

Олар - "Альянс, "Қырғызстанның жасылдар партиясы", "Жаратман Эл" және "Қырғызстанның біртұтас патриоттар партиясы".

30 тамызда "Социал-демократтар", "Улуттар Биримдиги" және "Ишеним" партиялары өтініш түсірген. Барлығы 7 партия болған.

Қырғыз президенті Садыр Жапаров Жогорку Кеңешке сайлауды 28 қарашада өткізу жөнінде жарлыққа қол қойған. Орталық сайлау комиссиясына өтініш берудің соңғы күні - 3 қыркүйек.

Жаңа парламент 90 депутаттан тұрады. 54 мандат пропорционалды жүйе (саяси партиялар арқылы) бойынша, ал 36 депутат бір мандатты сайлау округтері арқылы, яғни мажоритарлы жүйе бойынша сайланады.

XS
SM
MD
LG