Ссылки доступа

Мирзияев Ташкентте жаппай құрылыс жүргізуден бас тартатынын жеткізді


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ташкент қаласында "Жаңа Өзбекстан" бағының ашылуына қатысып, Ташкент облысында "Жаңа Ташкент" жобасы жүзеге асатынын жариялады.

"Көпшілік "ол неге Ташкенттен тым алыс?" деп сұрауы мүмкін. Біз бұдан әрі Ташкентте құрылыс салмаймыз. Біз Ташкентті жасыл аймаққа айналдырамыз", - деді Мирзияев.

Өзбек президенті соңғы жылдары қаланың ортасында ірі жобалар салынып келгенін, бірақ бұдан әрі Ташкентте құрылыс тоқтайтынын айтты.

"Біз біртіндеп Ташкенттен Ташкент облысына көшеміз. Біз осы жерден жаңа Ташкент қаласын саламыз", – деді Мирзияев.

Соңғы жылдары Ташкентте құрылыс белсенді жүріп келді. Белгілі "Ташкент сити" жобасы 2019 жылдың соңында аяқталған.

XS
SM
MD
LG