Ссылки доступа

Ташкент тәліптер өзбек тілін мектеп бағдарламасынан алып тастады дегенді жоққа шығарды


Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі Ауғанстанда өзбек тіліне тыйым салынды деген мәліметті жоққа шығарды. Бұл туралы 31 тамызда СІМ-нің ресми өкілі Юсуп Кабулжанов мәлімдеді.

"Өзбекстанның сыртқы істер министрлігінің өкілдері тәліптердің ресми басшыларымен сөйлесіп, бұл ақпараттың жалған екенін анықтады", - деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, "Талибан" өзбек тілі, пуштун және дари тілдерімен бірге, Ауғанстанның ресми тілдерінің бірі болып қала береді деп уәде берген.

"Тәліптердің өкілдерінің айтуынша, елдің жаңа басшылығы өзбек тілін үйретуге және дамытуға ерекше көңіл бөледі", - деді Юсуп Кабулжанов.

Бұның алдында тарихшы Әнуар Назир Facebook'тегі парағында тәліптер өзбек тілін Ауғанстандағы мектеп бағдарламасынан алып тастап, өзбек тілінен сабақ беретін жүздеген мұғалімді жұмыстан шығарды деп жазған.

XS
SM
MD
LG