Ссылки доступа

COVID-19: ХВҚ Қазақстанға 1 млрд 600 млн доллар бөледі


Офис МВФ

Халықаралық валюта қорының коронавирус пандемиясы кезінде әлем елдеріне бөлетін қаражатының көлемі мәлім болды.

Халықаралық валюта қоры ұйымға мүше елдерге бөлінетін қаражатты анықтау үшін SDR (Special Drawing Rights) бірлігін, яғни Арнайы қаражат алу құқығын қолданады. Қай ел қанша SDR алатыны ұйымның ресми сайтында жарияланды.

Қор есебіне сәйкес, ұйымға мүше 190 ел шамамен 650 миллиард доллар алады. Қаражатты бөлу 23 тамызда күшіне енді.

Халықаралық валюта қоры Қазақстанға 1 миллиард 600 миллион доллар, Өзбекстанға 750 миллион доллар, Қырғызстанға 242 миллион доллар, Тәжікстанға 236 миллион доллар бөледі. Түркіменстан 325 миллион доллар алады.

Айта кетейік, Түркіменстан үкіметі коронавирус пандемиясы басталғалы бері елде бүл аурумен ешкім ауырмады деп мәлімдеген. Бірақ Азатлык радиосының Түркіменстандағы тілшілері коронавирусқа шалдыққандар, сол вирустан қайтыс болғандар көп екенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG