Ссылки доступа

Қырғызстанда жемқорлық жайлы хабарлағандар сыйақы алады


Қырғызстанда экономика және қаржы министрлігі жемқорлық жайлы хабарлағандарға сыйақы тағайындауды қарастыратын үкімет қаулысының жобасын талқылауға шығарды.

Құжат үкіметтің ресми сайтында жарияланды.

Жобаға сәйкес, жемқорлық жайлы хабарлаған адам соның негізінде қозғалған іс бойынша өндірілген қаражаттың 10 пайызын алады. Алайда сыйақы миллион сомнан (шамамен 1200 доллар) аспайды.

Сыйақы тағайындау тәртібі "Жемқорлық қылмысы жөнінде хабарлаған тұлғаларды қорғау туралы" заңды жүзеге асыру мақсатына сай әзірленген.

Бұл заң 2019 жылғы қаңтарда күшіне енді. Заң жобасын Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты Аида Салянова ұсынған.

XS
SM
MD
LG