Осы уақытқа дейін Құмтөр алтын кенін басқарып келген канадалық компания "Құмтөр Голд Компанидің" 15 тамызда әлеуметтік желілерге жариялаған видеосын сараптап, осындай тұжырым жасаған. Centerra Құмтөрдің орталық карьерінің түбінде кем дегенде 40 метр су бар деген. Сонымен бірге канадалық компания кенге тәуелсіз сарапшыларды, журналистерді жіберуін сұраған.
"Құмтөр Голд Компани" бұны жоққа шығарып, карьерде бұған дейін де "осындай көлемде су болғанын" мәлімдеді. Сонымен бірге компания аға инженердің осы мәселеге қатысты пікірін жариялады.
ҚГК канадалық компанияның мәлімдемесін Құмтөр кені төңірегіндегі жағдайды одан әрі ушықтыру мақсатында шығарылған жалған мәлімет деп есептейді.
Құмтөр - Қырғызстандағы ең ірі алтын кені. Биыл мамырда қырғыз парламенті "Құмтөр Голд Компани" қызметі туралы мемлекеттік комиссияның есебін тыңдап, кәсіпорынға сырттай бақылау енгізуді үкіметке тапсырды. Кенді игеретін канадалық Centerra Gold Inc. Қырғызстан үкіметін халықаралық соттарға берді.