Ссылки доступа

Жас қызды зорлады деген айыппен 12 жылға сотталған тәжік азаматының туыстары оны жазықсыз деп есептейді


Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Тәжікстанда Гиссар қаласының 12 жылға сотталған тұрғының туыстары жас жігітті азаптаған, 12 жастағы қызды зорлады деген айыпты мойындатқан деп мәлімдеді. Сотталушының ата-анасының пікірінше, оқушы қыз тергеушілердің қысымымен жалған мәлімет берген.

3 тамызда Тәжікстанның Жоғарғы соты Гиссар қаласының 21 жастағы тұрғыны Мустаким Мустафокуловты 12 жастағы қызды зорлады деген айыппен 12 жылға соттады. Сот үкімінде сотталушы биыл 12 қаңтарда қызды жалдамалы пәтерге алып барып, сонда зорлаған делінген.

Сотталушы мен жәбірленуші қыз жалдамалы пәтерде бірге түнегенімен, бірақ сүйісумен ғана шектелгенін сотта мойындаған.

Мустаким Мустафокуловтың анасы Назокат Саидова ұлы кінәлі дегенге сенбейді. "Мені үкім шығарарда сот залына кіргізбеді. Ұлымның кінәсі дәлелденсе, онда неге бізден жасырады? Білем, Гиссар прокуратурасының тергеушісі Саломзода Сулаймони ұлымды азаптап, тағылған айыптарды күшпен мойындатқан. Ұлымның денесінде азаптау іздері қалған. Мустаким оған шыдай алмай, қызбен бір мәрте болғанын мойындауға мәжбүр болған", дейді ана.

Тергеуші Саломзода Сулаймони күдікті азапталған деген мәліметті растамады, жоққа да шығармады. "Сот осы іске қатысты шешім шығарды. Сау болыңыз", деген тергеуші телефонын өшіріп тастаған.

Бұл уақытта, Мустакимнің адвокаты Абдукарим Абдухамидов сот-медицина сараптамасы қыздың пәктігі бұзылмағанын растағанын айтты. "Оның үстіне, сот кәмелет жасқа толмаған қызға күш көрсетілген дегенді дәлелдей алмады. Қыздың дені сау, оның сотталуға шағымы жоқ", - дейді адвокат.

Адвокат Жоғарғы сот алқасы кассациялық шағым түсіріп, істің қайта қаралуын талап еткен.

XS
SM
MD
LG