1 қыркүйекте Душанбедегі мектептердің бірінің ашылуына қатысқан мемлекет басшысы білім беру министрлігі үкіметке тиісті ұсыныс беруі қажет екенін айтты.
Биыл маусым айында Душанбеде ата-аналар қала басшысы Рустами Эмомалиге хат жолдап, жаз кезінде оқушыларға маусымның ортасына дейін оқуға ауыр болатынын жеткізген.
Осыдан кейін Тәжікстанның білім беру министрлігі 1 сынып оқушылары жазғы демалысқа 3 маусымда, 2-11 сынып оқушылары 7 маусымға қарай шығатынын мәлімдеген.
2013 жылға дейін Тәжікстанда оқу жылы 25 мамырда аяқталып, сол күні мектептерде соңғы қоңырау соғылатын. Бірақ кейін оқу жылы 7 маусымға дейін, сосын 14 маусымға дейін ұзартылған.