Ссылки доступа

Дангарадағы төбелес: Рахмонның әйелінің немере інісі айыппұл төледі


Tajikistan -- Khurramshahr, the center of culture in Danghara district, South Tajikistan, 29 March 2014
Tajikistan -- Khurramshahr, the center of culture in Danghara district, South Tajikistan, 29 March 2014

Тәжік президенті Эмомали Рахмонның әйелінің немере інісі, "Нахши" алтын өндіру компаниясының басшысы 35 жастағы Амриддин Нахшов бұзақылығы үшін айыппұл төледі.

Нахшов пен оның тоғыз жақтасы "Мину Фарм" компаниясының қызметкерін ұрған. Бұл оқиға биыл 16 мамырда Дангара орталығында болған.

Сот үкімі маусым айының аяғында жарияланған, бірақ істің мән-жайы енді ғана белгілі болып жатыр.

Дангара ауданы сотындағы дереккөздің Озоди радиосына хабарлауынша, Нахшовқа 60 мың сомони (шамамен 6 мың доллар) айыппұл салынған. Оның айыппұлды төлеген-төлемегені белгісіз.

Дереккөз мәліметіне қарағанда, Нахшовтың бес жақтасы 3 жылдан 5 жылға дейін сотталған. "Нахшов пен тағы төрт сотталушыға айыппұл салынды", - деді дереккөз.

XS
SM
MD
LG