Ссылки доступа

Қырғызстанның ірі қалаларында адам танитын камералар орнатылып жатыр


Қырғызстанның ірі қалаларында "Қауіпсіз қала" жобасының екінші кезеңі жүзеге асырыла бастады.

Кісі танитын және жол ережелерінің бұзылғанын тіркейтін камералар Бішкек, Ош, Токмак, Кант және Жалал-Абад қалаларында орнатылды.

Бақылау кешендері тәулік бойы жұмыс істейді.

Қырғызстанда "Қауіпсіз қала" жобасы 2019 жылғы ақпанда қолға алынды. Наурыз айында жол ережесін бұзушылар тіркеліп, оларға айыппұл салынды. Жобаның алғашқы кезеңінде Бішкек пен Шу облысына 110 ба0ылау камерасы орнатылды.

"Қауіпсіз қала" жобасы іске қосылғалы бері 2,4 млн жол ережесін бұзу оқиғасы тіркелген. Ереже бұзғандар 1,6 млн сом айыппұл төлеген.

XS
SM
MD
LG