Ссылки доступа

АҚШ Украинаға демократияны дамытуға $463 млн және қауіпсіздік саласына $60 млн береді


Джо Байден и Владимир Зеленский в Овальном кабинете, 1 сентября 2021 года
Джо Байден и Владимир Зеленский в Овальном кабинете, 1 сентября 2021 года

АҚШ үкіметі Украинаға демократияны дамытуға $463 млн, сонымен бірге қауіпсіздік саласына көмек ретінде шамамен $60 млн береді. АҚШ президенті Джо Байден мен Украина президенті Владимир Зеленский келіссөздер нәтижелерін жариялады.

"АҚШ 2014 жылдан бері Украинаға көмек ретінде $2 млрд берді және биыл тағы $463 млн аударады. Қаражат демократияны дамытуды көздейтін бағдарламаларға бөлінеді", – делінген Украина президенті сайтында жарияланған мәлімдемеде.

АҚШ Украинаның қауіпсіздік саласын дамытуға $60 млн береді. Мәлімдемеде айтылғандай, қаражат Украинаға "Ресей агрессиясынан қорғануға көмек болады".

Сонымен бірге, АҚШ Украинаға коронавируспен күресуге көмек ретінде $12,8 млн, Донбастағы жанжалға байланысты $45 млн гуманитарлық көмек береді.

XS
SM
MD
LG