Ссылки доступа

АҚШ елшілігі тәжік-ауған-өзбек шекарасында нысандар салу жоспарын жариялады


АҚШ-тың Душанбедегі елшілігі 1 қыркүйекте тәжік-ауған-өзбек шекарасында бірнеше нысанның құрылысын жоспарлағанын мәлімдеді.

Елшіліктің хабарлауынша, шекара отрядтарына арналған нысандардың іргетасы 2022 жылдың басында қаланады.

"Жаңа шекара отряды Шахритустегі ескісінің орнын басып, шекара қызметіне қауіп төнген аудандарға жауынгерлерді тез арада жеткізуге көмектеседі", - делінген елшілік мәлімдемесінде.

Нысандар шекарашылар мен олардың отбасыларына арналған.

Орталық Азияның Ауғанстанмен шекаралас мемлекеттері "Талибан" қозғалысының билікке келуіне алаңдап отыр.

"Құрама Штаттар мен Тәжікстан қауіпсіздік саласында тығыз әріптестік орнатқан, шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мына жоба соның айғағы", - дейді АҚШ елшісі Джон Поммершайм.

Елшіліктің хабарлауынша, АҚШ 2002 жылдан бері Тәжікстанға қауіпсіздік саласына көмек ретінде 300 миллион доллар берген.

XS
SM
MD
LG