Ссылки доступа

ІІМ: Ауғанстаннан келген 80 отбасы Тәжікстанға кіруге рұқсат сұрады


Ауғанстаннан босып келген 80 отбасы тәжік-ауған шекаракасындағы бейтарап аймақта тұрып жатыр. Олар Тәжікстанға өткісі келеді. Бұл туралы Тәжікстанның ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода хабарлады.

Бұған дейін хабарланғандай, тәліптерден қашқан ауғандар Әмудария өзенінің жағалауына жиналған. Олар Тәжікстаннан баспана сұрап отыр.

Тәжікстанның ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода 1 қыркүйекте БҰҰ-ның босқындар мәселесі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының басшысы Мулугета Зевдимен кездесті.

Министрдің айтуынша, тәжік тарапы Ауғанстан босқындарына арналған лагерь салуға 70 гектар жер бөлген.

Ресми мәліметке қарағанда, соңғы 15 жылда Ауғанстаннан 3 мыңнан астам отбасы Тәжікстанға көшіп келген.

XS
SM
MD
LG