Басылым мәліметіне қарағанда, Брюссель Пәкістан, бәлкім Өзбекстан, Тәжікстан, тіптен халықаралық санкциядағы Иранға да қаржылай көмек көрсетуі мүмкін.
31 тамызда Еуропалық одаққа мүше 27 өлкенің ішкі істер министрлері Ауғанстандағы жағдайды талқылау үшін жиын өткізген. Кездесу қорытындысында олар босқындарды қабылдайтын үшінші елдерге берілетін жәрдемақының көбейетінін атап өткен.
Апта басында Өзбекстан ауған босқындарын қабылдай алмайтынын жариялаған.
Осыған байланысты өзбек-ауған шекарасы толық жабылатынын ескерткен.