Ссылки доступа

Футбол: Қырғызстан Палестинаны 1:0 есебінде жеңді (видео)


2 қыркүйекте Бішкекте басталған "Үш ұлттың кубогы" сайысында Қырғызстанның футболдан ұлттық құрама командасы Палестина құрамасын 1:0 есебінде жеңді.

Жалғыз голды 25-минөтте Азим Азаров соқты.

Халықаралық футбол жарысы 7 қыркүйекте аяқталады. Турнирге Бангладеш, Қырғызстан және Палестинаның футбол бойынша ұлттық командалары қатысып жатыр. 5 қыркүйекте Палестина мен Бангладеш, 7 қыркүйекте Қырғызстан мен Бангладеш командалары ойнайды.

Жарыстарды Қырғыз Спорт ТВ Ютуб каналы, Elevensports.com және КТРК Спорт каналдары тікелей эфирден көрсетеді.

XS
SM
MD
LG