Ссылки доступа

Тәжікстан билігі екі ауған қайраткерін 20 жыл өткен соң мараппатады


Тәжікстан билігі Ауғанстанның ұлттық қаһарманы, 1992-1996 жылдары осы елдің қорғаныс министрі болған Ахмад Шах Масудты қаза тапқанына 20 жыл өткен соң Исмоили Сомони атындағы орденмен марапаттады.

Сонымен бірге Ауғанстанның бұрынғы президенті Бурхануддин Раббаниге де осындай марапат берілді. Аталған бұйрыққа Тәжікстан президенті 2 қыркүйекте қол қойды. Жарлықта "Ахмад Шах Масуд пен Бурхануддин Раббани 1993-1996 жылдары Тәжікстанда бейбітшілік орнатуға қосқан үлесі үшін марапатталады" делінген.

Исмоили Сомони ордені Тәжікстандағы ең жоғары мемлекеттік марапат болып саналады. Орден күмістен жасалған.

Ауғанстанның экс-президенті Бурхануддин Раббани 2011 жылдың 20 қыркүйегінде өз үйінде қаза тапты. "Талибан" қозғалысының екі өкілін қабылдау кезінде үйінде жарылыс болған. Раббани Ауғанстанда бейбітшілік орнату үшін тәліптермен үнемі келіссөз жүргізіп келген.

Ауғанстанның дала командирі және бұрынғы қорғаныс министрі Ахмад Шах Масуд Тәжікстандағы азаматтық соғыс жылдарында бейбітшілік орнатуға атсалысқан. Босқындарға отанына оралуға көмектескен. Ол совет армиясына қарсы, кейін Мохаммад Наджибулла үкіметіне қарсы соғысқан. Ол сонымен бірге тәліптерге қарсы күрескен. Ресми мәлімет бойынша, 2001 жылдың қыркүйегінде "Әл-Каида" мүшелерінің қолынан қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG