Ссылки доступа

Түркімен президенті карантинге жабылған туристік Аваза ауданының басшысын қызметтен алды


Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов Түркіменбашы қаласының Аваза ауданының басшысын қызметтен алды. "Аваза" ұлттық туристік аймақта демалып жатқандарды таратқан жергілікті билік ауданды карантинге жапқан.

30 тамыздағы үкімет отырысында Бердымұхамедов Аваз ауданы мен "Аваза" туристік аймағы басқармасының төрағасы Бердимаммед Аннамамедовті қызметтен алды. Президент оның орнына Довлет Жұмаевті тағайындады.

Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат агенттігі аудан басшысының қызметтен алу себебі туралы хабарламады. Бірақ Азаттық радиосы түркімен қызметінің дерегі бойынша, шенеунікті 27-28 тамызда "Авазадағы" туристерді таратқан соң жұмыстан шығарған.

"Демалушыларды қуып шыққаны былай тұрсын, басқа уәлаяттан келгендерді тасуға жағдай жасаған жоқ. Оның үстіне, олардың қонақ үйге төлеген ақшасын қайтармаған", - деді Азатлык радиосының дереккөзі.

Оның айтуынша, демалушыларды таратуға төрт туристен "дельта" штаммының анықталуы себеп болған.

Туристік аймақтағы қонақ үйлерден қанша адамды шығарып жібергені белгісіз. Дереккөздің айтуынша, туристердің көбі өз аймағына кете алмай қалған, өйткені елде уәлаяттар арасындағы қатынас шектелген.

"Аваза" ұлттық туристік аймағы биыл тамыз айында осымен екінші рет ішкі туристер үшін жабылды. Тамыздың басында мұнда Орталық Азия президенттерінің саммиті өткен.

XS
SM
MD
LG