Бұл жаңалықтан кейін Бішкектегі қоғамдық көлік жүргізушілері жол бағасын көтеру қажет дейді.
"Қазір 3 мың тұратын май 5 мыңға сатылып жатыр. Қоғамдық көлікті жалға алып жұмыс істейтін таныстарым бар. Олар күніне 1200 сомға жалға алады, бірақ табысы 300 сом ғана",- дейді Мелис Курманалиев атты жүргізуші.
Оның сөзінше, өзі жұмыс істеген 106-желідегі әріптестерінің дені жұмыстан кеткен, қазір 80 машруттық таксидің 35-і ғана қалды.
"Әрина ақша жетпейді! Амал жоқ, жұмыс істеу керек. Болмаса, Ресейге не Еуропаға барып жұмыс іздеу керек. Қазір кету жағын ойлап жатырмыз",- дейді ол.
Қоғамдық көлік жүргізушілері бірнеше рет наразылық акциясына да шыққан. Бірақ билік сол күйі олардың проблемасын шеше алмаған.