Ссылки доступа

Ресейде еңбек мигранттарына мәліметтер чипі орнатылған карта беруді ұсынды


Ресейде үш айдан артық уақытқа келген еңбек мигранттары мен шетел азаматтарына чипі бар карта таратуды ұсынды.

Ресей ішкі істер министрлігінің ресми сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, бұл картада шетел азаматының жеке мәліметтері сақталады. Электронды мәлімет қорында шетел азаматының дактилоскопиялық тіркеуден өткені туралы ақпарат сақталады.

Министрлік жарлығы биыл 29 желтоқсанда күшіне енеді деп жоспарланған. Жоба қоғам талқылауына шығарылған. Оған тәуелсіз жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізіледі.

Ресейдегі ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, электронды құжаттың бұл түрі елге келген шетел азаматына он жылға беріледі, кейін оны алмастыру қажет. Бұған қоса, Ресейде еңбек мигранттарын электронды тіркеуден өткізуді міндеттеу туралы ұсыныс айтылды. Арнайы тізімге жұмыс беруші де, шетел азаматы да тұруы тиіс.

XS
SM
MD
LG