Ссылки доступа

Өзбек-ауған сауда қатынасы жақында қалпына келеді


1 қыркүйекте Ауғанстанға Өзбекстаннан коммерциялық жүк тиелген екі пойыз келді. Ақпарат агенттіктері мәліметті Ауғанстанның сауда-өнеркәсіп палатасына сілтеме жасап хабарлады.

Ауғанстанға жеткізілген жүктің нақты қандай тауар екені айтылмады. Ауғанстанды "Талибан" қозғалысы басып алғалы бері елге алғаш рет тауар жеткізілді.

Бұрындары Ауғанстанды тұрақсыздық көзі деп қабылдаған Өзбекстанда билікке Шавкат Мирзияев келгелі бері оңтүстікке көршімен тығыз қарым-қатынас орната бастаған.

"Талибан" қозғалысы жақында жаңа үкімет құрамын жариялайды. Қозғалыс Өзбекстанға Ауғанстан аумағында темір жолдар мен электр желілерін тартуға көмектесуге дайын екенін мәлімдеген.

Pajhwok агенттігінің хабарлауынша, екі ел сауда қатынасын қалпына келтіру мәселесін талқылап жатыр.

Мәліметтерге қарағанда, Ауғанстанның сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығы тәліптермен келіссөз жүргізіп, қалыптасқан жағдайды талқылаған. Тәліптер ауған кәсіпкерлерінің мәселесін жақында шешуге уәде берген.

"Талибан" қозғалысы Ауғанстанның саяси құрылымы қандай болатыны туралы шешімін әлі жариялаған жоқ.

XS
SM
MD
LG