Ссылки доступа

Тәжік парламенті "Рақымшылық туралы" заңды мақұлдады


Освобожденные по амнистии покидают исправительное учреждение, Душанбе, октябрь 2019 года

Тәжікстанның төменгі палатасы 6 қыркүйекте президент ұсынған "Рақымшылық туралы" заңды мақұлдады.

Тәжікстан бас прокурорының орынбасары Дилшод Талбакзоданың хабарлауынша, 16 мың адамға рақымшылық беріледі, солардың 10 700-і қылмыстық жауапкершіліктен босайды.

"Аса ауыр қылмыс жасағандарға рақымшылық жасалмайды", - деді Дилшод Талбакзода.

Билік мәліметіне қарағанда, рақымшылық алатындар тізімін дайындау барысында әйелдерге, кәмелет жасқа толмағандарға, 65 жастан асқандарға, мүгедектерге, жағдайы ауыр науқастарға, мемлекеттік сыйлық алғандарға басымдық беріледі.

Еске салайық, Тәжікстан билігі екі жыл бұрын 7 мың адамға рақымшылық берген.

XS
SM
MD
LG