Кәсіпорын мәліметіне қарағанда, олардың қарыжы 6,4 млн сомнан асқан.
Соған байланысты компания тұтынушыларды жарық ақысын төлеуге үндеді. Абоненттер қанша қарызы барын https://se.kg сайтынан, тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығынан (1209) немесе WhatsApp мессенджерінде (0551) 00 12 09 нөмірінен сұрап біле алады.
Қырғыз үкіметі жарықты үнемдеу керектігін, күз-қыс айларында электр қуаты тапшы болатынын алдын ала ескерткен.
Еске салайық, биыл сәуірде қырғыз президенті Садыр Жапаров электр қуаты тарифтерін қайта қарау керектігін айтқан.