Ссылки доступа

Ауғанстанның бірнеше қаласында тәліптерге қарсы наразылық акциясы өтті


Ауғанстанның бірнеше қаласында 6 қыркүйекте кешке Ахмад Масудтың тәліптерге қарсы көтерілу туралы үндеуінен соң наразылық акциялары өтті.

Олар Ұлттық қарсылық майданын қолдап, Пәкістан мен Талибанға қарсы ұрандатты.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеолардан Кабул, Мазари-Шариф, Герат және басқа да провинцияларда көше шыққан халықтың "Қарсылық майданы жасасын", "Пәкістанға өлім" және "Аллаху Акбар" деп ұрандатқанын көруге болады.

Бұл уақытта Панжшер шатқалында Қарсылық майданы мен Талибан арасында ұрыс болып жатыр.

Талибанға қарсы ұлттық қарсылық майдан жетекшісі Ахмад Масуд дүйсенбіде, тәліптермен кескілескен ұрыстан соң, ауған халқын тәліптерге қарсы күш біріктіруге үндеді. "Талибанның кешегі шабуылынан соң тәліптердің артында ауған халқына қарсы шетел әскері соғысып жатқаны мәлім болды", - деді ол.

Әскери тікұшақтар мен ұшқышсыз ұшақтар Панжшердегі ұлттық қарсылық майданының бекіністерін атқылаған. БАҚ, сонымен бірге Майданның ресми өкілдері тәліптер жағында Пәкістан әскері мен барлауы ұрысқа қатысқанын хабарлады. Талибан мен Пәкістанның ресми өкілдері мәліметке пікір білдірмеді.

Панжшер - тәліптерге қарсылық көрсетіп жатқан жалғыз провинция. Бұл шатқалда бірнеше аптадан бері ұрыс жүріп жатыр. Дүйсенбі күні тәліптер Панжшер провинциясының орталығын басып алғанын мәлімдеді. Бірақ сол күні кешке Ұлттық қарсылық майданының күштері Панжшер уездерін қайтару үшін ұрысқа түскенін хабарлады.

XS
SM
MD
LG