Ссылки доступа

Ташкент: Өзбекстанда COVID-вакцина кесірінен кісі өлімі тіркелген жоқ


Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы вакцина салдарынан кісі өлімі тіркелген жоқ. Бұл туралы дүйсенбіде өткен брифингте коронавируспен күрес штабының мүшесі Севара Убайдуллаева мәлімдеді.

Еске салайық, тамыздың аяғында республиканың денсаулық сақтау министрлігі Хорозем облысында вакцина салдырған соң жағдайы нашарлаған бір тұрғынның емін бақылауға алған.

27 тамызда әлеуметтік желілерде жас келіншектің еденде естүссіз жатқаны туралы видео тарады. Ол видеоны түсірген жігіт келіншек вакцинадан соң есінен танып қалды деген.

Убайдуллаеваның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі жұмыс тобын құрып, бұл топ кісі өлімдері мен вакцина арасынан байланыс таппаған.

Штаб өкілінің айтуынша, вакцина салдырған адамдар бірнеше минут медицина мекемесінде күтіп отыруы керек. Анафилактикалық шошыну немесе ауыр аллергиялық реакция болған жағдайда дәрігерлер дер кезінде көмек көрсете алады.

XS
SM
MD
LG