Ссылки доступа

Душанбеде такси бағасы бірден қымбаттады (видео)


Душанбеде такси бағасы бірден қымбаттады. Бірақ қала әкімдігі такси қызметтеріне тарифтерді көтеруге ешкім рұқсат бермегенін айтады.

В Душанбе взлетели цены на такси
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:32 0:00

Ақпаратқа қарағанда, осыған дейін таксимен жүрудің алғашқы үш шақырымы 88 центтен болып келсе, енді бұл сомаға екі шақырым жүре алады. Бұдан бөлек таксидің бір минөт күтіп тұрғаны үшін төленетін ақша бұрынғыдай екі цент емес, төрт центке өскен.

Такси қызметтері бағаның көтерілгені туралы ресми мәлімдемеді. Бірақ жүргізушілер есептеуішті өзгертіп, тариф бағасын көтеріп алған.

"Бұлай істемесек, жұмысқа шығудың мәнісі болмай қалды. Газ мен жанармай қымбаттап кетті",- дейді жүргізушілердің бірі.

Ал Душанбе әкімдігі баға көтеруге ешкім рұқсат бермеді деп мәлімдеді.

"Бұл факт бойынша тексеру жүріп жатыр. Такси компанияларының өкілдермен кездесу болып, оларға ішкі тексеру жүргізу жөнінде тапсырма берілді", – деді әкімдіктің көлік басқармасының қызметкері Хайрулло Камолов.

Душанбеде көліктердің 80% газбен жүреді.

XS
SM
MD
LG