"Судья Чынгызбек Бердимуратов заңды өрескел бұзды. Сол себепті Жогорку Кенеш атынан Судьялар кеңесінің тәртіп комиссиясына хат жолдау керек. Депутаттар қауіпсіздік құқығына ие. Заң бойынша, оларға қатысты қылымыстық істі Жогорку Кенеш келісімімен ғана қозғалады, содан кейін ғана тергеу амалдары жүргізіледі", – деді депутат.
Ал депутат Дастан Бекешев болса осы мәселеге қатысты ІІМ мәліметін тыңдауды ұсынды. Ол да депутат иммунитетін еске салып, күш құрылымдарының әрекетін заңсыз деп атады.
Еске салайық, 31 тамызда белсенділер 2021 жылғы қаңтарда сот жүзге жуық азаматтың телефонын тыңдауға рұқсат бергенін мәлімдеген. 1-май аудандық соты "судья заңды шешім қабылдады" деп жауап берген.