Ссылки доступа

Ашғабатта арзан азық-түлік қысқарғаны хабарланды


Очередь у продовольственного магазина, Ашхабад
Очередь у продовольственного магазина, Ашхабад

Ашғабатта 20 күндік үзілістен соң мемлекет дүкендеріне азық-түліктің бірнеше түрі ғана түсті.

Билік арзан азық-түлік енді келесі айда ғана түсетінін ескертті. Бұның алдында арзан тауар он күнде түсіп тұрған. Арзан азық-түлік азайғанын Азатлык тілшісі хабарлады.

Тілші мәліметінше, 6 қыркүйекте астананың кейбір ауданында тұрғындарға бір литр өсімдік майын, бір келі қант және бір тауық еті берілген.

"Тұрғындар осы тауарларға 65 манаттан төледі. Тауық еті мұздатылғанға дейін суға салынғаны көрініп тұрды. Әрбір тауықта 250 грамм мұз болған", дейді тілшіге астаналық тұрғындардың бірі.

Тілшінің хабарлауынша, мұндай тауарды базарда 163 манатқа сатып алуға болады. Оның айтуынша, 7 қыркүйекте базарда өсімдік майының бір литрі 65 манаттан, бір келі қант 23 манаттан, тауық еті 75 манаттан сатылған.

Түркімен билігі арзан тауардың не себепті азайғаны туралы мәлімет бермеді.

Түркіменстан төрт жылдан бері экономикалық дағдарысты басынан өткеріп жатыр. Халық мемлекеттің арзан азық-түлігіне тәуелді болып қалды.

XS
SM
MD
LG