Ссылки доступа

Өзбекстанда анасын өлтірген бала он жылға сотталды


Ташкент қаласының Шайхантахур ауданының қылмыстық істер жөніндегі соты анасын өлтірген балаға үкім шығарды.

Өзбекстан Жоғарғы соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушы "қасақана кісі өлтіргені үшін" кінәлі деп танылды. Сот күдіктінің қылмысты мойындағанын ескеріп, оны он жылға колонияға отырғызды.

Оқиға биыл наурыз айында болған. Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, түнгі сағат екілер шамасында күдікті анасын бір жігітпен жатқанын көріп, ашумен оның мойнына пышақ салған.

Кісі өлтіруші мәйітті тығып тастап, таңертең милицияға анасы жоғалғанын хабарлаған.

Әйелді жарты жыл іздестірген. Оның денесі үйдің жертөлесінен табылды.

Мәліметтерге қарағанда, ажырасқан әйел үйіне үнемі еркек ертіп әкеліп жүрген, сол себепті баласы үнемі жанжал шығаратын болған.

XS
SM
MD
LG